Аймақтар • 16 Ақпан, 2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 2018 жылы экономиканың барлық көрсеткіші бойынша өсім бар. Өңірлік ішкі өнімнің көлемі болжам бойынша 2,5 трлн теңгені құраған. Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 5 пайызы – Батыс Қазақстан облысының үлесі.

Оралда радиатор зауыты ашылады

- Бұл көрсеткіш бойынша біз елімізде төртінші орынға шықтық, - дейді өңір басшысы Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, өңірдегі өңдеуші кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылда саланың өсімі 73 млрд теңгені құраған. Еңбек өнімділігі де 9 пайызға артқан.

Бұрынғы «Омега» зауытының аумағында 2014 жылы құрылған трансформатор зауыты бүгінде өнімінің 95 пайызын экспортқа шығаратын белгілі кәсіпорынға айналды. Енді осы жерден келешекте радиатор зауытын ашу мәселесі жоспарланып отыр. Радиатор – трансформаторлардың құрамдас бөлігі, ол Қазақстанда шығарылмайды, бүгінге дейін Қытайдан тасымалданып келген болатын.

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласында өнім өндіру 1,3 есе, дайын металл бұйымдарын өндіру – в 1,7 есеге өскен. Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде өңірдегі өңдеуші кәсіпорындар 46 млн АҚШ долларына бағаланатын өнімді экспортқа шығарған. Бұл республика бойынша 7 орындағы көрсеткіш.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ