Аймақтар • 17 Ақпан, 2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Облыстық және оларға теңестірілген соттар арасындағы мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» байқауын өткізді.

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл конкурстаҚарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының судьялары Алмагүл Әйкенова, Айткамал Қазтаева және Тотай Ерімбетов, сондай-ақ хатшы Әсел Сұлтанова аппеляциялық сатының отырысында мемлекеттік тіл талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсете білді.

Конкурстық комиссияның шешімімен Қарағанды облыстық соты жүлделі екінші орынға лайық деп танылып, Жоғарғы Сот төрағасының дипломымен марапатталды.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше