17 Ақпан, 2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Kazakh TV» телеарнасының «OutdoorKZ» бағдарламасы табиғатты қорғау саласындағы «Sheep Show 2019» конвенциясының арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

«Sheep Show 2019» конвенциясы «Wild Sheep Foundation» қорымен бірігіп ұйымдастырылады. Бұл қор әлемдегі жабайы тұяқты жануарлар мен арқарларды сақтап қалу мәселесімен айналысады. АҚШ-тың Невада штатындағы  Рино қаласында өткен халықаралық шарада бағдарлама авторы әрі жүргізушісі Максим Левитин марапатталып, оның Қазақстан және Орталық Азиядағы арқарларды сақтап қалу бойынша әзірлеген еңбегі ерекше аталып өтті» делінген хабарламада.  

OutdoorKZ - бұл Қазақстанның ұлан-байтақ даласы, көрікті жерлері мен жабайы табиғатына саяхат жасайтын бағдарлама. «Ұйымдастырушылар біздің бағдарламаны қарап шығып, кейін бізді конвенцияда баяндама жасауға шақырды. Шараға табиғат қорғаушылары, бизнесмендер мен танымал тұлғалар, жалпы саны 1000-нан аса адам қатысты. Біз онда қысқаша бейнеролик көрсеттік, осылайша Орталық Азиядағы жануарларды қорғауға арналған жұмысымыз сыйлыққа ие болды», - дейді Максим Левитин.

Оның айтуынша,  халықаралық табиғатты қорғау ұйымы Қазақстанның жануарлар әлемін қорғау мәселесіне де баса назар аударады. «Жабайы жануарларды өздерінің табиғи ортасында түсіру оңай емес. Адам аяқ баспайтын жерлерге барып, апталап сәтті кадр күтесің. Бұл тәжірибе жабайы табиғат туралы білімің мен телевизиялық шеберлігің бір жерде түйіскенде жиналады», - дейді ол. Бағдарламаны «Kazakh TV» телеарнасынан немесе kazakh-tv.kz сайтынан тамашалауға болады.  

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше