Руханият • 17 Ақпан, 2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Нұр Астана" мешіті жанынан құрылған "Жібек" қыз келіншектер клубы "Бесік жырым-қазынам" атты ана әлдиіне арналған сайыс өткізді. 

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

Әр түрлі жастағы-әжелер мен келіндер, тіпті әлі тұрмысқа шықпаған қыздар жиналып, ғасырлардан жеткен қазына-бесік жырын айтудан жарысқа түсті. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы бастаған қазылар алқасы өнермен өрілген өнегені саралай келе, бас жүлдеге лайықты деп Боранкүл Келесованы тауып, қалған орындарды да иесіз қалдырмады.

Балғын Досымбекова, Ақмарал Иманалиева, Бақыт Демеева жеңімпаздар қатарын толықтырса, "Көрермен көзайымы" атанған Жанат Ермаханова арнайы сый иеленді. Жалпы жүлдегерлер мен қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмай, арнайы дипломмен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше