17 Ақпан, 2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

895 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда елордадағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияда Ауғанстандағы соғыстың аяқталуына 30 жыл толғанына орай осы соғысқа қатысқан интернационалист жауынгерлермен кездесу өтті.

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

Кездесуге келген ауған соғысының ардагерлері Нұрлан Аталов, Рысбек Нұрмағамбетов және басқалары оқушыларға өздері және қарулас достары туралы ерлік оқиғаларды, түрлі естеліктерін айтты. Қаланың Есіл ауданының Қорғаныс істері басқармасының бастығы полковник Рустам Жалбинов, басқарманың маманы капитан Қайырбек Акбаров та қатысты.

«Ауғандағы отты жылдар» атты іс-шараның ұйымдастырушысы, №7 мектеп-гимназяның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Елдос Тоқтағазы:

– Бұл шараның мақсаты – Ауғкан соғысының ақиқаты туралы оқушыларға хабар беру. Жас ұрпаққа ардагер ағалардың ерліктерін үлгі ретінде көрсете отырып, отансүйгіштікке баулуға, ардагерлерге деген құрмет сезімін күшейтуге тырыстық,– дейді.

Кездесу барысында оқушылар шағын концерт қойып, патриоттық әндер орындап, қонақтарға сый-құрметтерін көрсетті. Шара соңында Қорғаныс істері басқармасы мен мектеп ұжымы ардагерлерді медальдармен, алғыс хаттармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше