17 Ақпан, 2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

496 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы АҚШ-тағы The World's best халықаралық таланттар шоуына қатысып жатқан қазақстандық танымал жұлдыздар Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешоваға сәттілік тіледі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

Қазақстандық әншілерге деген жүрекжарды лебізін министр өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

«Достарым, АҚШ-та The World's best халықаралық таланттар шоуы жалғасуда, онда еліміздің екі әншісі - Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова бақ сынауда. Димаш Құдайбергеннің алты октавалы дауысы - шынымен де бірегей құбылыс. Димашты алғаш рет естіп, оның ғажап дарын екенін түсінген сәт әлі есімде. Қазіргі таңда Димашқа жететін әнші жоқ, оның вокал конкурстарына қатысуы - басқалардың мүмкіндіктерін көріп, сахналық дағды қалыптастыру жолындағы әншілік тәжірибе жинау кезеңдері. Сол себепті біз оның осы конкурсқа қатысуына атсалыстық», дейді министр.

Оның айтуынша, 12 жасар Данэлия Төлешова да өзінің вокалдық қабілетімен таңқалдыруда. Оның таланты өзімен бірге өсіп келе жатыр десе де болады. Әлі балғын бала болса да, Данэлия үлкен сахнаға жасқанбай шығып, тыңдарманды аузына қаратып, көзінен жас шығарып, әндерін өте әсерлі орындайды.

«Қыздарының ерекше дарынын дамытуға барын салып жүрген Данэлияның ата-анасына алғысым зор. Конкурста оның дауысын феномен деп жатыр, бұл расында да солай. Қазылардың дауыс беру нәтижесіне келсек, алуға мүмкін 100 ұпайдан Димаш - 98, Данэлия 96 ұпай жинады. Кез келген конкурс қатысушылары үшін стресс екені белгілі. Біздің дарындарымыз қандай нәтижемен оралса да, олар біз үшін The World's best болып қала бермек, достарым. Димаш өзін әлемге мойындатып жүр, ал жас талант, жұлдызымыз Данэлияны зор болашақ күтіп тұр! Біз сендерді жақсы көреміз! Жолдарың болсын! Тек қана алға!», деп аяқтаған министр жас дарындарға деген ізгі тілегін.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше