Аймақтар • 18 Ақпан, 2019

Павлодар облысында қала, аудан әкімдері Инстаграм парақшасын ашпақ

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында облыс әкімі Болат Бақауов халықпен болған есепті кездесуінде тапсырма берді.

Павлодар облысында қала, аудан әкімдері Инстаграм парақшасын ашпақ

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Ақпан айында өңір басшысы Б. Бақауовтың  өзі де Инстаграм әлеуметтік желісіне тіркелгенін хабарлады.

Енді осы Инстаграм желісі арқылы өңірдің әрбір тұрғыны өз мәселесін тікелей облыс әкіміне жазу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Желіге тіркелген 2 күннің ішінде облыс әкіміне 7 мыңнан астам интернет пайдаланушы жазылып үлгеріпті.

Жалпы, жыл басынан түрлі деңгейдегі әкімдермен 518 рет есептік кездесулер өткізілсе, бұл жиындарға 32 мың тұрғын қатысқан.

Өз кезегінде  тұрғындар тарапынан  жергілікті билік орындарына 1066 өтініш пен ұсыныс айтылыпты. Облыс әкімі Б.Бақауов билік пен бұқара арасындағы байланысты жетілдіру мақсатында әлеуметтік желілердің көмегін ерекше атап өтті.

 Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы