Өнер • 18 Ақпан, 2019

Көне сарын әуеледі

669 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Облыс орталы­ғын­дағы Ж.Айма­уы­тов атын­­­дағы му­зы­­ка­лық драма теа­­т­рын­да «Ұлы дала­ның көне сарындары» фес­ти­валі өтті. Елба­сының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен орайласа келген «Нұр Отан» пар­­тия­сының құрылғанына 20 жыл толуына орай басталған фестивальға елі­­міздің әр өңірінен әншілер мен күйшілер жиналды.

Көне сарын әуеледі

Дәстүрлі ән кешін жыршы-термеші Алмас Алматов жүргіз­ді. Залға жиылған қауым күйші Батыржан Мықтыбаевтың орын­дауындағы Құрманғазының күй­лерін тыңдап бір серпілді. Сах­на төрінде әуелетіп ән төккен әнші­лер Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Әділ Тұрғамбаев, Гүл­дана Ноғайбаева, сондай-ақ  жыршы Алмас Алматов, термеші Жәкен Омаров, Жетісу дәстүрлі ән мектебінің өкілі Шолпан Дәр­жа­новаларға жұртшылық қуана қол соқты. 

Дәстүрлі өнер иелерінің ки­ген ұлттық киімдерінің өзі кө­­не­нің көзіндей, сол бір заман­ қалпын, қалыбын сақтаған күйін­­де, еш жасандылық жоқ. Фо­нограмма, ал­дын ала жазып қою, техника де­геніңіз жоқ, на­ғыз­ далалық, таби­ғи, таза өнер. 

– Меніңше, әсіресе қазіргі уақытта эстрада әншілерінен бұрын дәстүрлі әншілердің концерттерін жиі өткізу қажет. Ұмытылып бара жатқан сияқты еді, енді бүгін міне, қайта жаңғыр­ды. Халық әндерін тыңдап, көңіл жадырап қалды. Мұндай жобаларды қуана қарсы аламыз. Дәстүрлі әндерімізді, ұлттық өнерді құрметтейік, – деді ақын Айгүл Молдаш концерттен алған әсерімен бөлісіп. 

Иә, халқымыздың ұлы мә­де­ниеті өткен мен бү­­гін­­ді ­жал­­­ғас­­тырып, болашаққа ашылар рухани қақпа бола алды. Ел­басының «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласы төл мәдение­тіміздің шек­сіздігіне терең үңілт­ті. 

Бұл қазіргі жаһандану заманында дала фольклорының көне сарынды үнін, мәдениетін жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

– Басты мақсатымыз – осы мәдени жоба арқылы еліміздегі әр өңірдің халық әндерін айтудағы өзіндік ерекшеліктерін, дәстүрін жұртшылыққа таныстырып, жандандыру, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.

«Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фес­тивалінде өңіріміздегі Иса Байза­қов атындағы облыстық филармония әншілері, «Еркеназ» ан­самблі, музыка мектебінің оқу­шылары, колледж студенттері де домбыра, сыбызғы, сырнай, жетіген сынды аспаптардың сүйемелдеуімен өнер көрсетті. 

Қазіргі күндері Астанадағы Ұлттық өнер университетінде, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы консерваторияда дәс­түрлі әннің тарихын, орындалу мәнерін үйрететін факультеттерде біздің өңірімізден де тү­лек­тер оқып білім алуда.­ Дәстүрлі әншілер Медғат Ма­нап, Серік Сыздықов, Әсел Ары­нова, Нәзира Омар, Архат Қайратұлы, Жанболат Байсолтан Естайдың, Кенен Әзірбаевтың, Майраның әндерін әуелетіп, Құрманғазының күйлерін тартып, Майлықожаның жыр-тер­мелерін шырқады.

– Әрине, Естай, Иса, Жаяу Мұса мен Майра туған жердің ұл-қыздарының ән салып, күй тартпауы мүмкін емес! – дейді Алмас Алматов.

– Жалпы, фестивальдың мақ­­­­саты – даланың дәстүрлі әуен­дерін бүгінгі ұрпаққа ән арқылы жеткізіп, ұлттық рухта тәр­биелеу. Сахнада өнер көрсе­тетін дарабоз әнші-күйшілердің қатарына жергілікті жас өрен­дерді де қостық. Партия бастама­сы­ның жас өрендерге жол ашары сөзсіз. Елбасының «Ұлы да­ланың жеті қыры» мақаласы хал­қымыздың бай мұрасы – көне сарындардың жаңғыруына себепші болғандай, – деді фестивальда сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. 

– Атының өзі айтып тұрған­дай-ақ «Ұлы даланың көне сарындары» деген жоба біздің өңірге де рухани сән беріп, әсем әуендер көшіп келгендей болды. Елбасы «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажеттігі жайлы да «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтты. Кереку өңірі – Иса мен Майраны, Естай мен Иман­жүсіпті өмірге әкелген жер. Бүгінгі концерт – ертеңгі тарих. Келер ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесіміз деп білемін, – дейді Медғат Манап.

Фестивальда залдағы көрер­мен кең даладай, таза, табиғи үнді естіді. Өткеннен жеткен құпиясы сан­ тарау сырлы, мұңлы әуен. Көк­сеу деген осы. Сізді еріксіз же­те­леп, ғасыр қойнауларына алып ке­теді. 

Ал партияның еліміздің ру­­хани өміріне көнеден жеткен әуендер күмбірін сыйлаған жоба­сының қорытындысы Жетісу же­рінде, Талдықорған қаласында аяқталмақ.

Фарида БЫҚАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

ПАВЛОДАР