Үкімет «Ақжолдың» кәсіпкерлікке қатысты сауалына жауап берді

Мемлекеттік сатып алудағы жаңа талаптардың шағын және орта бизнеске әсерін Үкімет қарастырады – Қаржы министрлігін ірі бизнестің мүддесін лоббилендіріп, мемлекеттік сатып алу саласында шағын бизнеске қысым жасағаны үшін айыптаған «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына жауап алынды. Бұл туралы «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
18.02.2019 219
2

Өткен жылдың 29 желтоқсанында Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізілген. Мәселен, осыған дейін бағалық ұсыныстары тең болған жағдайда тауарлар, жұмыстар, қызмет түрлері нарығында ауқымды жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушылар жеңімпаз деп танылды. Ал, жұмыс тәжірибесі тең болған кезде байқауға қатысу туралы өтініші басқа да әлеуетті қатысушылардың өтінімінен бірінші болып жіберген конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылған еді.  

Ал енді, жаңа өзгертулерге сәйкес мемлекеттік сатып алулардағы басымдық алдыңғы төрт жыл үшін төленген салық сомасының неғұрлым үлкен көрсеткішіне ие ұйымдарға беріледі – яғни, тек ірі компаниялар ғана басымдыққа ие болады.

«Ақ жол» партиясы бұл енгізілген өзгертулердің нәтижесінде ірі жеткізушілердің мемлекеттік сатып алу нарығын монополияландыруға және осы саладан шағын және орта кәсіпкерлікті ығыстыруына алып келеді деп есептейді.

«Әріден соң, күллі әлем елдерінде өзінің икемділік күші мен серпінділігі арқылы ШОБ секторы нновациялар мен өнім сапасының жаңа стандарттарының қайнар көзі болып табылады. Дәл осы шағын және орта бизнес арқылы ұлттық экономиканың табысы қайта үлестіріледі, әлеуметтендіру және оны әрбір қазақстандықтың отбасына жеткізу жүргізіледі.

Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Ал, біздің шенеуніктер болса кезекті мәрте бұқаралық кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін қадамдар жасап, оған қатысы бар қоғамның ауқымды үлесіне де қысым жасауда», - деп мәлімдеді өз сауалында демократиялық партия фракциясының депутаттары. Олар Премьер-Министрден осы мәселені қарастыруын және аталған түзетулерді жою туралы тиісті нұсқаулар беруін сұраған болатын.

Жуырда ғана Үкіметтің берген жауабында жеңімпазды «кім бірінші болып өтініш берді» деген критерий бойынша анықтамау үшін сатып алулардың жеңімпазын үшінші кезеңде таңдау үшін қаржылық көрсеткішті – төленген салық сомасын негізге алу ұсынылған делінген. Ұсынылған тәсіл, олардың пікірінше, бір күндік компанияларды сатып алуға жол бермейді және кәсіпкерлерді салықты адал, уақытылы төлеуге ынталандыру шаралары болып табылады.

«Сонымен қатар, аталған тәртіп ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін ескере отырып, сондай-ақ жартыжылдық құқықтық қолдану тәжірибесін есепке ала отырып, оның шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілеріне әсер ету мәселесін қарастыруға болады деп пайымдаймыз», - деп айтылған Бақытжан Сағынтаев қол қойған хатта.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мен шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу