Аймақтар • 19 Ақпан, 2019

Ақмола облысында 200 отбасы қоныс тойын тойлады

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баспана алуға мол мүмкіндік тудырған «7-20-25» бағдарламасы бұл күні  өз жемісін беруде. Бүгінгі таңда Ақмола облысында бағдарлама аясында тұрғын үй алуға шамамен 200-дей  өтінім келіп түсті.

Ақмола облысында 200 отбасы қоныс тойын тойлады

Статистикалық мәліметке сүйенсек, Алматы мен Астана сияқты ірі қалалардан кейін, Ақмола облысы аталған бағдарлама бойынша ипотека беруден үздік үштіктің қатарында. Бүгінгі күнге дейін аймақта жалпы құны 2 миллиард теңгеден астам сомаға 200-ден астам өтінім қанағаттандырылған.

– Бүгінгі таңда бағдарлама сәтті жүзеге асып келеді. Әр отбасының баспаналы болуына таптырмас мүмкіндік туып отыр,–дейді Ұлттық Банк облыстық филиалының бөлім жетекшісі Әсел Нұрқанова.

– Елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға зор септігі тиіп тұр. Мәселен, пәтер жалдайтын болсаң ай сайын қыруар қаржы төлейсің. Күндердің бір күнінде жалдаған пәтеріңнен көшіп кетсең, бәрі зая. Ал, осы бағдарламамен өзің үй алып, ай сайын төлеп отырсаң түптің түбінде толық қожайын боласың,–дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Серік Қалмұратов.

Қазір қала тұрғындары бағдарламаның жай-жапсарынан құлағдар. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің мобильді қосымшасында «7-20-25» деген арнайы бөлім бар. Мұнда әр адам бағдарламаға қатысты өз сұрақтарына жедел түрде жауап ала алады. Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда бағдарлама бойынша ипотекалық несиелендіру бастапқы нарықтағы тұрғын үйге 15 миллион теңге көлемінде жасалады.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»