Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқан түбегіндегі Босния-Герцеговина, Сербия, Венгрия мемлекеттерінде Түркітілдес елдердің қатысуымен өтетін камералық оркестрлер фестиваліне Қазақстан Республикасы атынан Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестрі қатысып жатыр.

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

Қызылордалық өнерпаздардың шетелге сапары мұнымен шектелген жоқ. Ақпан айының алғашқы аптасында Түркі мәдениетінің «ТЮРКСОЙ» халықаралық ұйымы басшылығының және ҚР Композиторлар Одағының төрайымы Балнұр Қыдырбектің арнайы шақыртуымен ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің директоры Әліш Сәукен Әлмәмбетұлы Түрік елінде өткен «Заманауи музыкалық шығармашылықты дамытудағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы халықаралық семинарына қатысу құрметіне ие болған еді.

Сөз ыңғайында айта кетсек, бұл жиынға Қазақстаннан 7 композитор қатысқан болатын.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы