Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 16 ақпан күні Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Құрсай шағынауданындағы өрт оқиғасынан аман қалған отбасыға қалалық Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің ұжымы қайырымдылық жасады. ЮПБ кызметкерлері өртенген үйдің кәмелетке толмаған үш баласына көмек ретінде азық-түлік және көрпе жастық алып келіп тапсырды.

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

Дәл осы күні 13 жастағы жеткіншек түтінге тұншығып үйде қалып кеткен екі баланы құтқарып қалған болатын. Тілсіз жаудың қоршауында қалған қос балақайдың өмірін сақтап қалған Бақытжан Беркінбайды төтеншеліктер мақтап, марапаттаған еді.

60 шаршы метр аумақты шарпыған өртті төтетншеліктер 1 сағаттан астам уақыт ішінде сөндірген. Алайда, үй ішіндегі  дүние-мүлк түгелдей өртке кеткен. 

Ал, ата-аналары жұмыста болып, жасөспірімдерді үйде қараусыз қалдырған. Ұрпақтарын айтып келмеген апаттан аман алып қалған батыр бала Бақытжан мен қыстың көзі қырауда әлеуметтік көмек көрсеткен полицейлерге отағасы алғыстан басқа айтарымыз жоқ деп отыр.

Алдағы уақытта жергілікті аудан әкімдігі төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған отбасыға тиісті көмек көрсетіледігін жеткізді.

Нұршат ТӨКЕН,

 «Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше