Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында күннің күрт сууына байланысты, сондай-ақ жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтамауы салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Мәселен, 19-20 ақпан күндері облыс бойынша 41 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан екі адам қайтыс болып, 8 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды.

Осыған орай, Қарағанды облыстық полиция депртаменті автожүргізушілерді сапарға шыққанда сақ болуға және жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға тағы бір мәрте шақырып, хабарлама таратты.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше