Хоккей • 20 Ақпан, 2019

«Амурға» әліміз жетпеді

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түс бел ортадан ауғанда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Хабаровскіде өткізген «Барыс» жергілікті «Амурдан» ұтылып қалды.

«Амурға» әліміз жетпеді

Алғашқы шайбаны 14-минутта Павел Дедунов соқты. Осы есеп ұзақ уақыт бойы сақталды. Қос команданың да жағдайды өзгертуге бірнеше мәрте тамаша мүмкіндіктері болды. Әсіресе, үшінші кезеңде «Барыс» барын салып ойнады. Алайда шайба бірде бағанаға тиіп кері қайтса, енді бірде біздің жігіттерге дәлдік жетіспеді. Бәсекенің аяқталуына бір минуттай уақыт қалғанда Михал Йордан екінші голды қақпаға енгізді. Есеп – 2:0.

Бұл жағдай жарыс кестесіне еш өзгеріс енгізген жоқ. «Чернышев» дивизионында көш бастап, Шығыс конференциясында екінші орынын сақтап қалған жерлестеріміз тұрақты біріншіліктегі соңғы кездесуін 22 ақпанда Қытайда жергілікті «Кунлунь» клубына қарсы өткізеді.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше