Әлем • 21 Ақпан, 2019

Антон Боднар мен Юрий Дергачев жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде жүлде алды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Ыстамбұл қаласында Ruhi Sarialp Jumping Events Indoor Cup ірі халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық спортшылар екі медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Антон Боднар мен Юрий Дергачев жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде жүлде алды

Биіктікке секіруден Антон Боднар күміс медель жеңіп алды. Оның ең үздік көрсеткіші – 2.18 метр. Юрий Дергачев 2.12 метр көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады. 

Сондай-ақ, Ринат Қайсаров ұзындыққа секіруден алғашқы төрттік қатарынан көрінді.