Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

965 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада тұрмысы төмен отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 18 тұрғын үй мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатыр.

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

Осы мақсатқа үкіметтен үш жарым млрд. теңге бөлінген. Бүгінде үй-күйі жоқтарға тегін баспана берудің заманы өткен. Бюджет қалтасы көтермейді. Алайда, үкімет пен облыс әкімдігі арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін тығырықтан осылайша шығып жатыр. Кешеге дейін апатты үйлердегі жеті жүзге жуық отбасылардың проблемасы шешілген.

Енді көп балалы және тұрмыс төмен отбасылар үшін үлкен жеңілдіктер жасалуда.

Оның сыртында 7-20-25 бағдарламасы мен өңірлік «Орда» жол картасы үйлі болудың жақсы алғышарты. Сөз ыңғайында айтар болсақ, Қызылорда облысындағы үйлер Қазақстан бойынша ең арзан тұрғын үйлер санатында. Мұнда үйдің әр шаршы метрі 120 мың теңгенің айналасында ғана.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы