Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Комьюнити-орталықтар: балаларға арналған тегін үйірмелер мен секциялар

1165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шалғай аудандар мен тұрғын үй алаптарында оқушыларға қосымша білім беретін комьюнити-орталықтар ашылуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Комьюнити-орталықтар: балаларға арналған тегін үйірмелер мен секциялар

Мақсаты – үйірмелер мен секцияларды барлық балалар үшін қолжетімді ету, Қазір қалада төрт комьюнити-орталық бар. Оның бірі Балалар үйінде, ал қалғаны жалпы білім беру мектептерінде құрылған.

«Shuǵila» комьюнити-орталығы – жаңа Оқушылар сарайының филиалы.  Ол №68 және №80 мектептерде жұмыс істейді. Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы да өз филиалдарын ашып жатыр. Сондай орталықтың бірі №20 мектепте ашылса, екіншісі №86 жаңа мектепте құрылмақ.

Мұнда робот техникасы және 3D-модельдеу, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, театр және вокал үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, спорттық волейбол, баскетбол, шағын-футбол, дзюдо, шахмат, тоғызқұмалақ секциялары бар. Сабақтарды Оқушылар сарайының мұғалімдері жүргізеді. Үйірмелер тегін. Әкімдік комьюнити-орталықтар желісін кеңейтуді жоспарлауда.

«Мұндай орталықтардың біреуі ғана 800 баланы қамтиды. Үйірмелер мен секциялардың бәрі тегін. Бұл – халықтың осал топтары қатарындағы азаматтарды, көпбалалы отбасыларды қолдаудың нақты қадамдарының бірі. Әсіресе, өз баласын қараусыз қалдыруға қорқып, бұдан бұрын жұмысқа шыға алмаған ата-аналар үшін өте ыңғайлы», – деді қала  әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кезінде.