21 Ақпан, 2019

Бала Бақытжан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының Полиция департаментінде департамент бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов 16 ақпанында Құрсай мөлтек ауданындағы Жаңақұрылыс көшесінде орын алған өрттен сәбилерді аман алып қалған 13 жастағы Бақытжан Беркінбайға  ҚР Ішкі істер министрілігінің арнайы марапатын тапсырды.

Бала Бақытжан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Осылайша Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен шымкенттік Бақытжан Беркінбайға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі және  ата-анасына «Адам өмірін құтқаруда ерлік жасаған баласына үлгілі әрі өнегелі тәрбие бергені үшін» Алғыс хаты табысталды.

Еске салар болсақ, 8 сыныпта оқитын бала Бақытжан отқа оранған бөлмеге қорықпай кіріп, бір шетте қорқып отырған 6 жасар қыз бен 3 жасар баланы құтқарып қалған еді.

Кездесу соңында департамент бастығы өзінің және жеке құрамның атынан отаншыл ұл тәрбиелеп өсірген ата-анасына және білім беруші ұстаздарына алғыс білдірді. Әрі, жас батыр өзінің ерлігінің, ер жүректігінің арқасында барлық құрдастарына үлгі болғандығын атап өтті.

Тіпті, ведомство басшысы Бақытжанға болашақта полиция мамандығын таңдаса, өз тарапынан қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше