Қысқы спорт • 21 Ақпан, 2019

Австрияда шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы спорты түрлерінен 52-ші әлем чемпионаты басталды. Спортшылар 11 күн бойы 22 жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының мүшелері де бар деп жазады Olympic.kz. 

Австрияда шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды

Австриядағы  әлем біріншілігінде спортшылар шаңғымен жарысудан, шаңғы қоссайысынан және шаңғымен тұғырдан секіруден бақ сынайды. 

Шаңғы жарысына Қазақстан командасы сапынан 12 спортшы қатысады. Олар: Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Олжас Климин, Дәулет Рахымбаев, Денис Волотко, Анна Шевченко, Валерия Тюленова, Ирина Быкова, Эльмира Мутагарова және Марина Матросова. 

Шаңғымен жарысудан Қазақстан құрамасының бас бапкері – Юрий Каминский. 

Бүгін Зеефельдтегі әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер еркін әдіспен спринтерлік жарыста кім мықтыны анықтайды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше