Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесуге қатысты.

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

Іс-шараға Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер, Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Йорн Розенберг, сондай-ақ неміс компанияларының және неміс банктерінің Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Д.Ақышев Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттері, қаржы секторындағы ағымдағы ахуал, сондай-ақ банк секторындағы ахуал туралы айтып берді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы кездесуге қатысушыларға 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және либералды валюталық режимнің барлық қағидаттарының сақталуын көздейтін жаңа «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жайында айтып берді. 

Соңында Д.Ақышев мұндай кездесулердің маңызды екенін және шетелдік бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогқа қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше