Атырауда ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумы өтті

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумы өтті. Екі күнге созылған шараға еліміздің барлық өңірінен және Германия, Венгрия, Ресей және Өзбекстаннан өкілдер келді.

Егемен Қазақстан
22.02.2019 313
2

Ресми түрде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жөніндегі жұмыс тобының ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумы» деп аталған жиынға еліміздің «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелері, еліміздің әр облысындағы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары басшылары, музей, тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі инспекция мамандары, «Қасиетті Қазақстан» жинағын шығаруға қатысқан өлкетанушылар, барлығы 60-тан аса адам арнайы шақырылған екен. Форум жұмысының негізгі тақырыбы – еліміздің мәдени және өлкетану бағытындағы ұйымдарын қолдау, біртұтас мәдени кеңістікті дамыту және «Батыс жауһарлары» тақырыптық көрмесін ұйымдастыру арқылы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының қасиетті орындарын насихаттау мәселесіне арналды.

- Бұған дейін біз өлкетанушылардың екі форумын өткіздік. Оның екеуі де Астана қаласында болды. Тұңғыш рет өңірде өтіп отырған мұндай жиынды Атырау облысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Сол үшін облыс басшыларына алғыс айтамыз, - дейді «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы.

Форум жұмысы аясында Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы ІІ томының тұсаукесері өтті. Бұл жинаққа Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары аумағындағы киелі нысандар енгізілген. Жалпы, алдағы жылдары энциклопедияның еліміздің өзге аймақтарына арналған томдары жарық көрмек. Жинақ барлығы 5 том болады деп жоспарланған.

- 2017 жылы біз жалпыұлттық киелі нысандарды анықтаумен айналыссақ, 2018 жылы өңірлердегі қасиетті жерлердің тізімін нақтыладық. Бұл жұмыс бастан-аяқ жергілікті өлкетанушылардың, сарапшылардың көмегімен жүргізілді. Бұл іске бүкіл құралдары да атсалысты, ел болып жұмыс істедік. Осы жерде айта кетейін, бұл киелі жерлерді біз ойлап тапқан жоқпыз. Бұл – ата-бабаларымыз ежелден кие тұтып, қастерлеп келген жерлері. Әрине, кейбірі халық жадынан өше бастаған, біздің зерттеулер арқылы ондай жерлердің біразын анықтап жатырмыз. Қазақ тарихында егемендіктен айрылып, езгіде болған кезеңдегі өлгенді тірілту, жоғалғанды табу біздің мойнымызға осы «Қасиетті Қазақстан» жобасы арқылы түсіп отыр. Киелі жерлер тізімін толықтыру жұмысы жалғаса береді. Тіпті бүгінгі Қазақстан шекарасынан тыс жерде қалған, бірақ әр қазақ үшін қастерлі орындарды да ұмытпаймыз, - деді Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының басшысының айтуынша, Қазақстанның әр өңірінде қасиетті жерлерді анықтайтын комииссия құрылған. Осы сарапшылардың көмегімен 2018 жылы киелі жерлер тізіміне жаңадан 286 нысан қосылыпты. Мұның 129-ы – өңірлік, 14-і – жалпыұлттық нысан. Жалпыұлттық нысандар тізіміне Ақмола облысындағы «Тоғыз әулие» кешені, Көкшетаудағы Ақан сері Қорамсаұлы зираты, Ақтөбе өңіріндегі Әбубәкір Кердері кесенесі қосылған.

Форумда елімізде сакральды нысандар туралы жаңа заң дайындалып жатқандығы туралы айтылды. Ол заң күшіне енген соң киелі жерлер қайтадан тексеруден өтіп, әрқайсының төлқұжаты жасалып, мемлекет қорғауына алынатын болады. Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде киелі нысандарды абаттандырып, ел-жұрттың зиярат жасауына, туристердің келуіне қолайлы жағдай жасап отырған өңір басшыларына алғыс айтты. Мысалы, 2018 жылы Батыс Қазақстан облысында сармат ескерткіші – Тақсай ханшайымына және ағартушы Ғұмар Қараштың басына кесене көтерілді.

Форум аясында Атыраудағы Салтанат сарайында «Батыс жауһарлары» көрмесі ашылды. Көрмеде Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының қасиетті орындары кеңінен таныстырылды. 

ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумының қорытынды жиынында 2018 жылы «Қасиетті Қазақстан» өлкетану жобасы аясында атқарылған кең көлемді жұмыстар және 2019 жылға жоспарланған іс-шаралар барысы баяндалды. Форумнан соң Сараптамалық кеңес комиссиясының отырысы өтті.

- Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы бұдан бұрын басталған «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстарымызға тың серпін беріп, екінші тынысын ашып, қазақ руханиятын тереңдете түсті. Осы жерде өлкетанушылардың қосар үлесі, мойнына түскен жауапкершілік өте зор деп ойлаймын. Өйткені жергілікті тарихи орындардың жәй-жапсарын, аңызы мен ақиқатын өлкетанушыдан артық білетін ешкім жоқ. Жалпы, күні бүгін елімізде тіркелген 25 мыңдай ескерткіш болса, соның 11200-і – тарихи-мәдени ескерткіш, 244-і – республикалық маңызы бар ескерткіш, он шақтысы ЮНЕСКО тізімінде. Әрине, тарих қолдан жасалмайды, тарих – бұрыннан бар нәрсе. Бірақ оның зерттелуі әрқалай. Мысалы, совет билігі кезінде Қадыр ақын айтқандай, «оқулығымыз жұп-жұқа болды». Тек тәуелсіздік жылдары ғана ел тарихын тұтас бағамдауға кірістік. Ал Президенттің соңғы мақаласы – тарихымызды тереңнен тарту үшін біздің қолымызға берілген бланш-карта болды. Тіпті тұтас түркі халқының тарихын біріздендіру мақсатында жобалар басталды, - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің басшысы Әбіл Жоламан.

Әбіл Тауфиқұлының айтуынша, министрлік тарапынан қолға алынған кешенді жұмыс – еліміздегі республикалық маңызы бар 12 қорық кешенде келушілердің барлық талап-тілегінен шығатын заманауи визит-орталық құрылысын салу құлға алынған. Қазірдің өзінде Ұлытауда, Отырарда және Таңбалыда мұндай құрылыс қолға алынса, таяу арада, Ботай кешенінде, Сарайшық пен Бозоқ шаһарларында да да басталмақ. Мәдениет және өнер департаментінің басшысы айтқан тағы бір жаңалық - «Қасым хан» атты фильм түсірілетіндігі жөніндегі хабар болды. Ал Қазақ хандығының түрлі кезеңін суреттейтін «Алтын тақ» фильмінің көрсетілімі таяу күндері болмақ.

Атыраудағы форумға Германиядағы Мюнхень қазақ қоғамдық қауымдастығының мүшесі Сүлеймен Шадкам, Венгрия Республикасындағы «Барыс» мажар-қазақ қоры төрағасының орынбасары, Этвөш Лоранд атындағы мемлекеттік университетінің ғалымы Оңайша Мандоки, Өзбекстан Республикасындағы қазақ ұлттық мәдени орталығының басшысы химия ғылымдарының кандидаты Хамза Қалмұратов, Ресей Федерациясынан Санкт-Петербург қаласындағы «Атамекен» қазақ ұлттық мәдени орталығының өңіраралық қоғамдық ұйымының президенті Сәрсенғали Құспанов, Омбы аймақтық «Мөлдір» қазақ мәдениеті қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынай Жүнісова, Қалмақ Республикасындағы Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының «Жерлестер» қоғамдық ұйымының төрағасы Қатимолла Ыдырысов және басқалары қатысқан болатын. Алыстан ат арытып келген мәртебелі меймандардың бәрі де атажұрттағы тарихты түгендеу жұмыстарына көңілі толып, ерекше сезімдерін білдіріп жатты.

- Бүгінгі жиын өлкетанушылар үшін өте пайдалы болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әріптестер бір-бірімізбен танысып, тәжірибе алмасып, жаңа белеске көтерілгендей болдық. Шын мәнінде өлкетанушылар – кәсіби ғылымның алғы шебінде жүретін әуесқойлар ғой. Өз ойымша оларды альпинистерге көмектесіп, бағытын бағдарлап, жолын сызып, өлшеусіз көмек көрсететін шерптерге ұқсатамын, - дейді Орал қаласынан келген Жәңгір хан атындағы музейдің меңгерушісі Нұржан Төлепов.

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, болашақта өлкетанушыларға ерекше көңіл бөлініп, олардың жұмысын үйлестіріп отырушы мекеме ретінде әр өңірдің тарихи-өлкетану музейлері белгіленбек. Сондай-ақ қазақ тарихына қатысты шетел архивтерінде жатқан құжаттардың көшірмесін елге жеткізу, қазір қазақ тарихшылары мен өлкетанушылардың қолында жүрген құжаттардың көшірмесін бір орталыққа жинап, бірыңғай база жасау мәселесі де айтылды. Өлкетанушы Айболат Құрымбаев архивтердің сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсетуін сұраған ұсынысы көпшілік тарапынан қолдау тапты. Өйткені өлкетанушылардың көбі басқа жұмысы, кәсібі бар жандар болғандықтан, сүйікті ісімен айналысуға демалыс күндері ғана босай алады. Ал бұл күндері архив есігі жабық. Форумда бұдан басқа да талай мәселе көтерілді.

Халықаралық форум өз жұмысын көтеріңкі көңілмен аяқтады. Өйткені ұзақ жыл осы салада еңбек етіп, өлке тарихын түгендеуге үлес қосып жүрген біраз адамға «Үздік өлкетанушы» төсбелгісі табыс етіліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолы қойылған куәлікке ие болды. Салтанатты рәсім Атырау өлкесі өнерпаздарының әсем ән, әдемі биімен көмкеріліп, кеш ажарын аша түсті.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Атырау

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу