Мүгедек жандар үшін құнды құрылғы

Қазіргі жаһандану мен жаңғырудың жаңа ғасырында жастардың заманауи үдерістерді үйреніп, түрлі техниканың тетігін меңгеріп жатқанын аңғарамыз. Сәт сайын ілгері басқан уақыт көшіне ілесу үшін өнертапқыш өрендер өміршең дүниелерді өмірге әкелуде. Солардың бірі – Дулат пен Әлихан.

Егемен Қазақстан
22.02.2019 32
2

Ақылын жетекші, қиялын көмекші еткен қос жігіттің ойлап шығарған құ­р­ыл­­­­ғы­­лары да ерекше. Он алты жастағы Дулат Әміржан бүгінгі таңда Астана қа­ла­­сы №73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқу­шы­сы. Ол қарапайым қолмен итеру арқы­­лы жүргізетін мүгедектер арбасына авто­маттандыру қондырғысын ойлап тап­­­қан. Арбаға орнатылған құрылғы мүм­­кін­­дігі шектеулі жандардың емін-еркін қоз­ға­л­уына мүмкіндік бермек. Дөң­гелекті айнал­­ды­ратын екі қолдың қыз­ме­тін енді бар бол­ғаны үш тетік атқарады.

«Екі аяғы бірдей сал болып қалған мүгедек жандар арбаның доңғалағын қос қолы­мен итеріп жүргізетіні белгілі. Ал мен­ің құрылғымды қолдану арқылы олар­ға жеңіл әрі жылдам қозғалуға мүм­кін­дік бар. Автоматтандырылған арбаны әлемдік нарықта шығаратындардың бағасы − тым қымбат. Оның ең арзаны − 200 мың теңге. Егер біз сатылымға шыға­ра­тын болсақ, өз бағасы 50-60 мың теңге бола­ды. Бұл – тиімдірек», дейді жоба авто­ры Дулат.

Бір адам ағаш отырғызса, оны адам сая қы­­лады. Бүгінгі кейіпкерлерімізде де ос­ын­­­­дай игі істің басын бастап, қайырым­ды­­­лы­­ққа қадам жасаған жандар деуге болады. 

«Бұл құрылғыны дайындауға 40 күн уақыт кетті. Мектебімізде STEM зертхана­сы жұмыс істейді. Ол – оқушы­лардың өзде­рін шыңдауға көп көмегін береді. Бұл рет­те осындай зертхананы ашып берген мек­теп басшылығына және жетекшім Жанат Еркебұланұлына алғы­с айтамын», дейді Дулат Әміржан.

Дулаттың ойлап тапқан құрылғысы арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі мү­ге­дек жандарға арналған болса, ал Әли­ханның құрылғысын көз жанары көр­мей­­тін зағип жандардың таяғына орна­ту­ға болады.

«Бұл құрылғы зағип немесе нашар көретін жандардың көшеде жүруін жеңіл­де­теді. Алдағы бөгетке бір метр қалғанда ро­бот­талған таяқ дыбыс шығарып, белгі бе­реді. Қа­шықтықты компьютер арқылы рет­­теуге болады. Құрылғы қашықтықты 5 метр­ге дейін сезе алады. Оның өзінің баға­­сы 5 мың теңге. Егер оны өндіріске шыға­ра­­тын болсақ, 13-15 мың теңге шамасында болады. Мен Павлодар қала­сы­ның тумасымын. Сол қалада тұрғанда үйі­міз­дің жанында «Зағиптар қоры» болды. Күн сайын таяқ ұстаған жандарды кө­ріп, оларға көмектескім келетін. Сол ой осын­дай құрылғы жасап шығаруыма түрт­кі болды», дейді Астана қаласындағы №73 мектеп-лицейінің оқушысы Әлихан Рах­метов. 

«Нұр Отан» партиясы жас өнер­тап­қыш­тар арасында өткізген респуб­ли­ка­лық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауында «Әлеуметтік маңызды инно­вациялар» аталымы бойынша Дулат ІІ-орынды, Әлихан ІІІ орынды қанжы­ға­ла­ға­нын да айта кеткен абзал. 

Қос оқушының жетекшісі, STEM зерт­­ха­насының мұғалімі Жанат Ерке­бұ­­­лан­­­­ұлы аталған зертхана 2018 жыл­­дан бастап жұмыс істейтінін, оған 1-10 сы­нып оқушы­ларынан 40 шақты өнертапқыш бала­лар аптасына екі мәрте қатысатынын жеткізді.

Рауан ҚАЙДАР,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу