Есімғалидың алмағайып әлемі

Есімғали Жұмановтың есімі өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның шығармашылығында портрет, пейзаж, натюрморт жанрлары мистикалық сюрреализм бағытымен үндесіп, драматизмге толы туындылармен түрленеді. Суретші тәуелсіздік жылдарына дейін кескіндеменің әр алуан бағыттарымен, бейнелеу тәсілдерімен бірге қазақ жеріндегі саяси толғаныстарды тақырыптарына арқау еткен.

Егемен Қазақстан
22.02.2019 16
2

Қылқалам шеберінің Ә.Қастеев атындағы өнер му­­­­зейінде салтанат құрған ме­рейтойлық жеке көрмесі «Бей­саналық экзистенциясы» деп аталыпты. Мұндағы туындылардың идеясы мен мазмұнының желісі бірін-бірі жалғастырып, адамзат бо­йындағы тылсым дү­­ние­лерді айшықтауға бағыт­­талған дер­сіз. Оның шы­ғар­­машылығы ерекше көз­­­қарастардан тұрады. Адам бол­­мысының мәні мен өмір­дегі орны, қоғамдағы түйт­кілді мәселелер, жалпы әлем­дегі өзгерістер суретші қыл­қаламынан шыққан сан түрлі бояулармен ұштасып отырады. Туған дала таби­ға­тын, қазақ халқының ұлттық на­ным-сеніміне тереңнен бойлап, картиналарында өзіндік көркем тәсілмен жеткізуге күш салады.

Өнертанушы Гүлнұр Жұ­­­­­банова суретшінің көр­ме­­ге қойылған таңдаулы ту­ын­дылары турасындағы өз ойын былайша жеткізді: «Кескіндемешінің 1983 жы­лы жазылған «Қара, ақ, қы­зыл» атты картинасында қою қа­ра түсті фонға ақ және қы­­зыл бейнелер жазылған. Мұнда суретші айналаны түнек басқан әлемнің шырмауынан шыққысы келіп, тал­пынып жатқан қазақ хал­қының жай-күйін астарлап жет­кізеді. Сонымен қатар «Қа­ра иттің көлеңкесі», «Қаң­ғыбас», «Кеңістік» және т.б. шығармаларында, қоғамдағы әлеуметтік өктем таптың мә­селелері мен шырылдаған ха­лықтың жан айқайын қыл­қаламның сырымен жыр­­лаған. Сол кезеңдегі, ел өміріне сыни көзбен қа­рап, тура билерден қолдау күт­кендей әсерлі жет­кізеді».

Есімғали Жұмановтың қаламынан өрілген «Ар­ба­­­ның ұзақ кеңістігі», «Түр­кістан-Ясауи нұры», «Ұлы көшпен­ділер», «Әл-Фа­ра­би. Отырар кітапханасы», «Еділ мен Рим қасқыры. XXI ғасыр», «Кеш­кі қонақ», «Ана», «Әке», «Мәң­гіліктің алдында», «Ақын Махамбеттің өлімі», «Азия ханым», «Ананың аруағы» сынды шоқтығы биік екі жүзге жуық шығарма әр кезеңдерде өз көрерменінен жо­ғары бағасын алып келеді. Бұл картиналар оның өнердегі үздіксіз ізденістерінің нәтижесі. 

Суретшінің көрерменнен жоғары баға алған бірегей картиналары республикалық, аймақтық, бүкілодақтық, дү­ниежүзілік көрмелерге қо­йылды. Шығармалары Фран­цияның Париж қала­сында өткен «Қазақстан мәдениеті», Иран, Тегеран қаласында шы­мыл­дығын түрген Дүние­жү­зілік мұсылман елдері және Ресейдің Мәскеу қаласында ұйымдастырылған Суретшілер одағының халықаралық көр­мелерінде, Германияның Маг­дебург қала­сында жала­уын кө­тер­ген «Еуропа-Азия» ІІ ха­лықаралық бай­қауында көп­шілік назарына ұсы­ныл­ды. Оның көркем туындылары қырғыз, қытай, түрік ха­лық­тарына кеңінен танылған. Көрмеге суретшінің 90-нан аса кескіндемелік, графикалық жә­­не инстал­лияциялық жұмыс­тары қо­йыл­ған. Суретші сезі­мінің нәзік қылын тербеген кенеп бетіндегі мың сан бояулар сырбаз өнердің сиқырына қарай тартады. Үміт пен күдікке то­лы тынымсыз тіршілік алуан ой­лармен арпалысқан адам кө­ңілінің ырғақтарын тап бас­қан­дай. Есімғали кенебіндегі ал­мағайып әлемге сізде үңіліп көріңіз...

 Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу