Түркістан спортшылары Токио олимпиадасына дайындықты бастады

2018 жыл Түркістан облысының спортшылары үшін табысты болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мәлімдеді. 

Егемен Қазақстан
22.02.2019 28
2

Оның айтуынша, өткен жылы облыс спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 387 алтын, 382 күміс, 365 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында  73 алтын, 58 күміс және 38 қола медальға ие болған.  Ал Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында түркістандық сайыпқырандар 32 алтын, 15 күміс және 16 қола медаль жеңіп алды. Ал Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарынан түркістандықтар 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль еншілеген.

«Бүгінгі таңда Түркістан облысында спортты дамыту бағытындағы жоспарлар мен бастамаларға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы қолдау білдіріп отыр. Өңірге мықты спортшылар мен бапкерлерді тартуды көздеп отырмыз. Тек өз еліміздің азаматтарын ғана шақырамыз. Мен шетелден легионер шақыруға түбегейлі қарсымын. Олар ақшасын алады да елдеріне кетеді. Бекзат, Мұхтархан, Ермахан сияқты жігіттер ауыл-аймақтарда баршылық. Соларды спортқа баулып, чемпиондар даярлауымыз қажет. Алдағы уақытта Түркістан қаласында заманауи жабық стадион және өзге де спорт кешендері салынады.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Тұран» спорт клубын, «Түркістан» кәсіпқой бокс клубын, «Ату және спорттың ұқсас түрлері мектебін», «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған футбол мектебін» және «Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебін» ашсақ деген жоспарымыз бар. Басты мақсат – Токио Олимпиадасына жолдаманы көбейтіп, жүлдегерлер даярлау. Бұл ретте дзюдодан Дидар Хамза, бокстан Қайрат Ералиев, Бек Нұрмағамбет және ескек есу спортындағы өрендерімізге үміт артамыз», – деді Полат Наурызбайұлы.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы облыс аумағында 4026  спорттық іс-шара өткізіліп, оған 571,2 мың адам қатысқан. Облыс тұрғындарының спортпен шұғылдану көрсеткіші   28,9 пайызды құрап отыр.

Сонымен бірге, Түркістан облысының спортшылары ҚР Ауыл жасөспірімдерінің 2-ші жазғы ойындарында жалпыкомандалық 2-ші орынды иеленсе, мектеп және колледж оқушылары арасындағы жазғы Спартакиадада 1-ші орынды жеңіп алды.

Басқарма басшысы облыста баскетбол, волейбол және футбол сынды командалық спорт түрлеріне де қолдау күшейетінін айтты.

«Таяу уақытта «Тұран» атты футбол клубын құруды жоспарлап отырмыз. Ол премьер-лигада ойнайтын мықты команда болады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің облыстық футбол мектебі ашылады», – деді басқарма басшысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу