Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

100 жылдық мерейтой Абай елінен басталды

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы қасиетті Абай елінен, алаштың астанасы - Семей қаласынан басталды.

100 жылдық мерейтой Абай елінен басталды

Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қаладағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте болып, «АКМЕ» халықаралық клубының аясында кездесу өткізді. 

Жиынды алғы сөзбен ашқан Шәкәрім университетінің ректоры, профессор Мейір Ескендіров еліміздің бас басылымын мерейтойымен құттықтай келе, алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай бірлесе жұмыс істеуді өтінді. 

Ал «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы осы халықаралық клуб аясында қазіргі заманғы журналистикадағы өзгерістер және соған орай ел газеті «Егемен Қазақстанның» заманауи беталысы, соңғы технологиялық өзгерістер жайлы кеңінен әңгімелеп берді. 

Келелі әңгімеге Шәкәрім университетінің профессоры Арап Еспенбетов, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагерлері, құрметті журналистер Дәулет Сейсенұлы, Оңдасын Елубайлар да қосылды. Жиын онлайн режимі түрінде жүргендіктен іс-шараға тікелей қосылғандардың бәрі тамашалады. Д.Қыдырәлі «Рухани жаңғыру» өңірлік офисінің жұмысымен танысып, ақындар мектебінің шәкірттерімен жүздесті. Олардың журналистика, тарих, түркология саласына байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

«Егемен Қазақстан»

СЕМЕЙ