Руханият • 22 Ақпан, 2019

Ұша білер қанатқа дүние кең

535 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кеңестік кезеңдегі балалар үйі жүйесінде казармалық бағытағы режим алға шығып, ондағы тәрбиеленушілердің үлкен өмірге алдын-ала қам жасауына ешкім басын қатырған жоқ. Жатын жері бар ма, тамағы тоқ, киімі бүтін бе, болды ендеше!? Қалғаны не болса да бәрібір деген біржақты көзқарас алға ұсталды. Әрі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жетімдер балалар үйінен шығарылып тасталды. Сол кезде олар не істерін, қайда барарын білмей, бастарын тауға да, тасқа да соқты. Бірқатары өмірден өз орындарын таба алмай, теріс жолға тап болды.

Ұша білер қанатқа дүние кең

Тәуелсіз қазақ елі «мұндай мұрадан» бас тартып, жетімдер мен тастанды балаларды тәрбиелеудің жаңа моделін белгіледі. Соған сәйкес мемлекет аумағындағы балалар үйіне орналасқандардың санын қысқартып, оларға қамқорлық жасау мен қолдаудың өзге түрлері енгізіле бастады. Патронаттық тәрбие берудің бастыбағыттары айқындалды. Сонымен біргі егемен елімізде отбасылық үлгіде тәрбие беру үлгісі қлоға алынып, тұтастай балалар ауылдары мен қалашықтары тұрғызылды.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұған «Бөбек» қайырымдылық қорының төрайымы Сара Назарбаева бастамашы болғаны белгілі.

Жетімдерді жебей жүру мен оларға аялы алақан жылуын дарыту мәселелері Ақтөбе  облысында да оң шешімін тауып келеді. Биылғы 2015 жылдың қаңтар айында өңірдегі балалар үйі жабылды. Мұнда бұдан 10 жыл бұрын 585 бала болғанын ескерсек, бұл үдеріске дейін балаларды тәрбиелеу мен орналастыруға қатысты саналуан жұмыстар келгенін аңғару қиын емес. Соның ішінде бұдан 2 жыл бұрын өз қызметін бастаған «Мейірім» атты әлеуметтік-бейімдеу орталығының орны бөлек. Аталған әлеуметтік мекеме «Сәби» қайырымдылық қорының қаражатына тұрғызылған.

Бүгінгі күні елімізде ешқандай баламасы жоқ келісті кешенде балалар үйлерінен ауыстырылған балалар тұрады, әрі жұмыс жасайды. Ең бір жағымды жәйт олар «Мейірімнен» мектепті бітіргеннен кейін шығарылып тасталмайды. 29 жасқа келгенге дейін осында тұра береді. Сөйтіп олар мұнда үлкен өмірге әзірлік жасайды, еңбекке араласады. Кешен аумағындағы оқу-өндірістік кәсіпорында бұл үшін барлық жағдай бар.

Осындай кең ауқымды өндірістік база негізінде тәрбиеленушілер өнлдірістік тәжірибеден өтеді. Кейін өз таңдауларына сәйкес қажетті мамандықтар алып шығады. Бұған дейінгі зерттеулер мен талдаулар, әсіресе олардың шаштараз, гүл өсіру шебері, жылыжай шаруашылығының маманы және тігінші кәсіптеріне көбірек ден қоятынын көрсетеді. Қазіргі күні осы мамандықтар бойынша жұмыс жасап жүрген «Мейірімнің» түлектері өз істеріне дәне риза. Алып жүрге жалақыларына да қанағат көңілмен қарайды.

Өткен жылы облыста өткізілген «Бақытты бала» жобасы бүгінгі күн өлшемінен көз тастағанда өңірдің брендіне айнала алды деп айтуға толық негіз бар. Айтайын дегеніміз, елімізде тұңғыш рет өткізілген теңдесі іжоқ осындай жасампаз жоба шеңберінде жетім балалармен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар өздерінің дербес баспаналарына ие болғаны, бұл үшін өңір кәсіпкерлері мен бизнесмендері олардың арнайы ашылған тұрғын үй жинақ есебіне қажетті қаражаттарды аударды.

Жетімдіктің салдарын жою мен еркелікті көтермейтін өмір сынына олардың төтеп беру қабілеттерін орнықтыру бүгінгі қоғам мүшелірінің ортақ парызы. Бейнелеп айтқанда мұны да жетім балаларды үлкен өмірге әзірлеу профилактикасы десе де болады. Осы мақсатта биылғы ақпан айында Ақтөбеде «Аяла» атты орталық ашылды. Аталған арнаулы құрылым өз атауынан көрініп тұрғанындай, бас бермес асау өмірдің күрделі кезеңдері мен сәттерінде не істерін білмей, дағдарып қалған жетім ұл-қыздарға аялы алақан жылуын дарытуды көздейді. Оларға көмек пен қолдау көрсетудің саналуан жолдарын ұсынады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, биыл өңірде жабылған балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін алмастыру мақсатында құрылған. Әйтсе де оның қызмет арнасы мен ауқымы алдыңғы әлеуметтік балалар мекемесімен салыстыра қарағанда мүлдем өзгеше. Мұндағы жаңашыл көзқарастар жетімдердің улкен өмірге нық қадам басуына алғышарттар қалай алады десек, артық айтқандық емес. Қазіргі күні мұнда Алға балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қалған 33 «могиканның соңғы тұяқтары» орналасқан.

Жаңадан ашылған ортылқта өмір сүре білу мен тәрбме берудің өміршең әдістері жүргізілмек. Ең бастысы тәрбиеленушілердің өмірден өз орындарын тауып кетуі үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалмақ. Бүгінде т әрбиеленушілерге оқыту мен тәрбие беру бар да, олардың бос уақыттары мен демалыстарын мазмұнды әрі тиімді түрде ұйымдастыра білу бар. Әсіресе соңғы кезде өңірде кейінгі айтылған қағиданың сақтала бермейтініне өңірде жеткіншектердің ауыр қылмыстарға бару деректері айқын айғақ. Әрі қылмысқа бой ұрғандардың дені негізінен сабақ үлгерімі тәуір делінген оқушылар екенін ескерсек, бұл арада әлі де тереңірек ойластыратын мәселелер бар екені анық.

Осы орайда «Аяла» орталығы педагогтар мен арнайы мамандардың көмегіне сүйене отырып, балаларға моральдық, медициналық және психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуге ұмтылыс жасап отыр. Осындай жолмен тәрбиеленушілерге мамандық таңдау жөнінде де ақыл-кеңестер берілерді. Бұл тәсіл құрғақ сөз күйінде емес, олармен тепе-тең жағдайда емін-еркін ой-пікір алмасу тұрғысында жүргізіледі деді газет тілшісіне Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Ұша білер қанатқа дүние кең дегендей, ұша білу қабілетін баланың 3 жасынан бастап орнықтыра бастауды мақсат еткен, «Аяла» орталығының өз арнасын кеңейтер кезі әлі алда екені анық. Ал тұтастай алғанда жетім балаларды көлеңкеңмен қорғай жүрудің жаңаша көзқарасын қалыптастыра бастаған ақтөбелік атқару органдарының ілкімді іс-қимылы өзге өңірлерге де қозғау салып жатса, ойға алған мақсатымыздың орындалғаны .

Темір Құсайын,

«Egemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше