22 Ақпан, 2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 ақпан күні Жапонияның Тазавако қаласында фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңі басталады. Аталған сынға Қазақстан атынан Юлия Галышева бастаған алты спортшы қатысады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

Жапонияға аттанған Қазақстан командасының қатарында Дмитрий Рейхерд жоқ. Ол жарақатының сыр беруіне байланысты Парк-Ситидегі әлем чемпионатынан да сырт қалған болатын.

Жапонияға Рейхердтің орнына жас спортшы Олег Цинн аттанды. Жас могулшылар үшін Тазакаводағы дода Красноярскіде басталатын Универсиада алдындағы қызу дайындық болмақ. 

«Командада Рейхердтен басқа өзгеріс жоқ екенін байқаған боларсыздар. Оның орнына Олег Цинн қатысады. Дмитрий әлем кубогінің жалпы есебінде 5-ші орында келе жатқан. Бірақ қазір бұл маңызды емес. Біз оның тезірек қатарға қосылып, ортамызға оралғанын тілейміз. Рейхерд Алматыда өтетін әлем кубогінің финалдық кезеңіне қатысады деген үмітіміз мол. Маусым аяқталар тұста жас спортшыларға көп мүмкіндік беріледі. Ертең олардың әуселесін байқайтын боламыз», - дейді команданың бас бапкері Елена Круглыхина. 

Қазақстан командасының толық құрамы төмендегідей: 

Әйелдер: Юлия Галышева, Аяулым Әмренова. 

Ерлер: Павел Колмаков, Сергей Романов, Александр Геберт, Олег Цинн. 

Жарыс астана уақытымен сағат 10.30-да басталады. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше