Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елордада ірі әрі маңызды деген жобалардың бірі – «Әбу-Даби Плаза» КФК құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары және «АЛДАР ЕвроАзия» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатты бекіту тараптардың ұзақ мерзімді серіктестігін құруға бағытталған. Мақсат – халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтармен бірге, елорда тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ Астанадағы «Абу-Даби Плаза» КФК жобасының жұмысы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау.

Жаңа нысанды пайдалануға берудің нәтижесінде қолданыстағы кәсіпорындардың дамуы есебінен елордада жыл сайын тұрақты 19-20 мың жұмыс орны құрылуда. Бүгінгі таңда елордада экономикалық белсенді халық саны 531,3 мың адамды, жұмыспен қамтылған халық саны 507,2 мың адамды құрайды.

Астананың индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының аясында, «Әбу-Даби Плаза» КФК нысандарында жаңа жұмыс орындарын құру елордамыздың еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше