Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

419 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының басшылары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Жаңа кодексінің ережелеріне байланысты өз пікірлерін білдірді. Алматыда бас қосқан сарапшы мамандар бұл еліміздегі  мыңдаған сауда нүктелері үшін кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтады. Кодекс жобасын Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі және қазіргі уақытта қоғамдық тыңдаулар өтуде.

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

Шағын және орта бизнес әлемдегі барлық дамыған елдердің экономикасының негізгі іргетасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында  ШОБ-ті қазақстандық экономика өркендеуінің негізі деп атаған болатын. Мамандардың пікірінше, ШОБ қызметін қолдау азаматтардың әл-ауқатының артуына апарады, өйткені бұл сектор жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады және кәсіпкерлерлікті дамытуға серпін береді. Көптеген кәсіпкерлер отандық тәжірибеде бизнес қызметіндегі ойластырылмаған және тиімсіз заңнамалық шектеулер сипатындағы қарама-қарсы үрдістердің белең алуына наразы.

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шектеу шаралары мен тыйымдарды қарастыратын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Жаңа Кодексті әзірлеп, көпшіліктің талқысына ұсынған еді. Қауымдастықтың есебі бойынша, осы шешімге байланысты сөрелер мен сөрелерді қайта жабдықтауға жұмсалатын орташа шығындар әрбір сауда нүктесі үшін 180 мың теңгеден басталады. Бұл көптеген шағын дүкендер мен оларды басқаратын ШОБ өкілдері үшін ауырлық тудыруы мүмкін. Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығындағылар мұндай шешімдер дүкендердің бір бөлігін жабады немесе темекі өнімдерін заңсыз сатуды жалғастыруға түрткі болады деп қауіптенеді. Айта кету керек, шағын сауда нүктелерінің табысы кем дегенде 25%-ға темекі өнімдерінің сатылымына тәуелді.

Нұрсадық Әбішев, Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының президенті: «Бизнестің шығындарын есептеу қажет, кәсіпкерлерге қандай да бір жаңашылдықтарды ұсына отырып, ағымдағы экономикалық жағдайды есепке алу орынды, сондай-ақ мұның болашақта шағын және орта бизнеске қалай әсер ететінін ескеру керек. Талаптар үнемі өзгеруде, ал кәсіпкерлер бір жабдыққа қаражат жұмсап жатқанда, ол керексіз болып қалады, себебі олардан дүкенге басқа жабдықты орналастыру талап етіледі. Сайып келгенде, осының барлығы кәсіпкерлердің тасада қалып қоюына әкеп соқтырады –  бюджет бұдан салықпен толықпайды, одан темекі шегу азаймайды, ал сауда нүктелері мен шағын кәсіпкерлердің саны айтарлықтай қысқарады».

Жібек Әжібаева, Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының вице-президенті: «Темекіні ашық таратуға тыйым салудың халық арасында шылым шегудің төмендеуіне әсер ететіні туралы деректер жоқтың қасы. Бұл осы практиканы кезінде енгізген Канада, Ирландия, Австралия, Финляндияның тәжірибесін растайды. Бірақ бөлшек сауда орындарында темекіні ашық орналастыруға тыйым салу контрабандалық және контрафактілік темекі өнімдерін сатуға ықпал етуі мүмкін деген деректер бар. Мысалы, 2014 жылы темекіні ашық орналастыруға тыйым салынғаннан кейін, көрші Ресейде АС Nielsen беделді халықаралық агенттігінің мәліметтері бойынша, темекі өнімдерін заңсыз сату 2013 жылғы 19,3%-дан 2016 жылы 28,3%-ға дейін өсті».

Басқа елдердің тәжірибесі мұндай тыйым салу шаралары темекі шегушілердің санын қысқартпайтынын көрсеткен. Сауда кәсіпорындары Қауымдастығы шылымқорлық мәселесінің шешілу жолдарын салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту мен өскелең ұрпақпен тәрбие жұмысын жүргізуден бастау керек деп есептейді.

Қоғам белсенділері жаңа Кодекс бойынша келесі тыңдаулар үшін өз ұсыныстарын дайындап та үлгерген. Бұл жаңалықтарға түбегейлі қарсы екендіктерін жеткізген олар: «денсаулық сақтау мәселелерін шешуде отандық экономиканың локомотивіне айналып үлгермеген шағын және орта бизнесті түпкілікті тұншықтырып алмауымыз қажет» – деп алаңдаулы.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше