Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин халыққа есеп беру кездесуін өткізді.

Егемен Қазақстан
22.02.2019 36
2

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешу және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттер үдесінен шығу үшін облыста бірқатар маңызды шаруалар атқарылуда. Ол жайында облыс әкімінің «Ақмола облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» есебінде толық қамтыды. Баяндамашы өз сөзінде облыс экономикасының үдемелі дамуы, Елбасымыз қойған барлық міндеттерді табысты іске асыру үшін жеткілікті негіз құрылғандығын екпін түсіре айтып өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі бағыттарда оң нәтижелерге қол жеткізіліпті. Экономиканың бес базалық саласының өндіріс көлемінің өсуі есебінен қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105 процентті құраған. 478 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 4700-ден астам отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілген. Орташа айлық жалақы 9,4 процентке өсіп, 120523 теңгені құрады. 12,7 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

Шағын және орта бизнесті дамыту – кез-келген ел экономикасының негізі. Жыл сайын мемлекет бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсартып, жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуда. 2018 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 132,7 мың адам немесе облыстың экономикалық белсенді халқының 31 пайызы жұмыспен қамтылған. (2017 жылға қарағанда 6 процентке өсті). 6614 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс бюджетіне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен 2017 жылға қарағанда 3,8 процент өсіммен 37,1 миллиард теңге түсті. Жалпы өңір өнімінің үлесі 27 процентті құрап отыр. «Бизнестің жол картасы» бағдарлама аясында 2018 жылы 3,4 миллиард теңге бөлінді, 353 жоба қолдау тапты. 479,4 миллион теңге салық төленді, 797 жұмыс орны ашылды. Шағын бизнесті дамыту үшін кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге өз ісін ашуына қайтарымсыз үш миллион теңгеге дейін алуға мүмкіндік беретін гранттық қаржыландыру маңызды құрал болып табылады. 18 кәсіпкерге  40 миллион теңге қаржы бөлінді. Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 67,8 миллиард теңге көлемінде несие берді.

2018 жылы 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс бойынша барлығы 4707 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 2018 жылы тұрғын үй құрылысына 8,1 миллиард теңге тартылды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,4 миллиард теңге, облыстық бюджеттен – 2,4 миллиард теңге.

Жеке тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 108 пайызды құрады. 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әр отбасына тұрғын үй сатып алуға өткен жылы жалпы көлемі 1,8 миллиард теңгені құрайтын 213 өтінім мақұлданды.

Баяндамашы өз сөзінде сыртқы экономикалық қызмет, аумақтық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, жастар және ішкі саясат тақырыптарында қол жеткен табыстарды саралады. Алдағы міндеттерге тоқталды. Биыл баянды болған іс келер жылы жалғасын таппақ. Кездесуге жиналған жұртшылық тарапынан жол қатынасы, тұрғын үй мәселесі, ауыз сумен қамту тәрізді өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу