Спорт • 23 Ақпан, 2019

ҚХЛ: Тұрақты біріншілік аяқталды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігі аяқталды. Соңғы турды Қытайдың астанасы ­– Бейжіңде өткізген «Барыс» жергілікті «Куньлуньнан» басым түсті. 

ҚХЛ: Тұрақты біріншілік аяқталды

Бірінші кезеңнің 5-минутында Егор Петухов есеп ашқанымен, айдын иелері лезде есепті теңестіріп кетті. Үзілістен кейін «Куньлунь» алға шықты. Десек те үшінші кезеңде «Барыстың» ойыншысы Андре Петерссон мергендік танытты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан ойын овертаймға ұласты. Бұл ретте де тең есеп сақталды. Ал буллит соғу барысында астаналықтардың асығы алшысанан түсті. Қорытынды есеп – 2:3.  

Осылайша, «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігіндегі өзінің ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Жерлестеріміз Чернышев дивизионында көш бастап, Шығыс конференциясында екінші орынды иеленді. Тұрақты біріншілікті бесінші орынмен қортындылады. Айтулы жарыс барысында 62 кездесу өткізген елордалық хоккейшілер 86 ұпайды еншіледі.  

Енді «Барыс» Гагарин кубогы үшін таласады. Плей-оффтың бірінші кезеңінде Төменгі Новгородтың «Торпедосымен» шеберлік байқасамыз. Алғашқы екі ойын 26 және 28 ақпанда Астанада өтеді. Одан кейін 2 және 4 наурызда сыртта күш сынасамыз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше