Аймақтар • 23 Ақпан, 2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімінің міндетін атқарушы Архимед Мұхамбетов облыс тұрғынадыр алдындағы есеп беруінде айтты.

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібінің шикізат өндірудің алдына түскеніне біраз жыл болды. Есепті жылда  өңдеу саласы кәсіпорындары 450,4 млрд теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл әсіресе, машина жасау ісімен тығыз бафйланысты.

Есепте жергіліктендіру және қазақстандық қамтымын ұлғайту жөнінен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқан машина жасауда өткен жылы    13,0% өсім қамтамасыз етілгендігі аталды. 

Машина жасау саласында барлығы 113,5 млрд теңгенің өнімдері өндірілді. Негізінен жеңіл автомобильдер құрастыруды 2,2 есе, жүк автомобильдерін - 65,6%, комбайндар құрастыруды  70,2%  ұлғайту арқасында өсімге қол жеткізілді.

«2018 жылы 11 766 жеңіл автомобиль құрастырылды, 2019 жылға арналған жоспарда 25 мыңнан астам автомобиль құрастыру көзделген болатын. Бұған көбіне өткен жылғы желтоқсанда СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP) автомобильдерінің импорты мен экспорты бойынша трансұлттық қытай мемлекеттік компаниясының Аллюр Компаниясы Тобының капиталына енуі ықпал жасайтын болады» деді Архимед Бегежанұлы.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше