Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

Ақтөбе облысында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ашық есік күндері» кең ауқымды акциясы аяқталды. 

Егемен Қазақстан
23.02.2019 54
2

11-21 ақпан аралығында жергілікті мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің басшылары мен мамандары 7154 сұрақпен 6359 адамды қабылдады. Азаматтарды қабылдау Ақтөбе қаласының төрт жерінде және облыстың әр ауданында өткізілді.

Негізінен азаматтарды тұрғын үй алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру және т.б. салаларға қатысты мәселелер қызықтырады.

Көптеген мәселе күн тәртібінен жедел түрде алынып тасталып жатыр. Сонымен, 1231 мәселе оң шешіліп, 4944 түсініктеме мен кеңес берілді, 979 өтініш шешіліп жатыр.

«55 адам тұрғын үй алуға кезекке қойылып, 27 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 27 адам біліктілік курстарына жіберілді, 39 бала тегін секциялар мен үйірмелерге жазылды, 15 оқушы тегін тамақпен қамтылып, 27 бала балабақшаға тегін орналасты, сондай-ақ, 289 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Аймақта аса мұқтаж отбасыларымен жұмыс істеу үшін 25 мобильді топ жұмыс істейді, олардың құрамына депутаттар, қоғамдық белсенділер және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кіреді.

Топ өкілдері өтініш берушілердің тұрмыс жағдайымен танысу және отбасына қандай нақты көмек беру керектігін бағалау үшін әрбір мекенжайға барады.

Жалпы 147 отбасына көмек көрсетілді. Мысалы, «Актобестройэксперт» компаниясының директоры Жасталап Жанбауов Садуовтарға жайлы пәтер сыйлады. 47 жасар «Алтын алқа» иегері Салтанат Садуованың сегіз баласы бар, оның екеуінің мүгедектігі бар, жолдасы да 2-топтағы мүгедек.

Алты баланың анасы Галина Новиковаға жер телімін алуға сертификат берілді, ал жергілікті кәсіпкер үй салып беру міндетін алды.

30 отбасы көмірмен, 79 жанұя киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 6 баланың жоғары оқу орнында оқу ақысы төленді, 5 адамның коммуналдық қызмет бойынша қарыздары төленді. Материалдық көмектің жалпы сомасы 24,5 млн теңгеден асты.

Нақты көмек алатындардың қатарында көп балалы аналар ғана емес. Қаламқас Онғарбаева 2016 жылы гуманитарлық колледжді бітірген.

«Мен жұмысқа орналаса алмай жүрдім. Ал азаматтарға қабылдау жүріп жатқанын естігенде, жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіріп, түйіндемемді қалдырғанмын. Мені №29 мектеп жұмысқа шақырды. Нәтижесінде, менің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегім келген арманым орындалды», - деді  қуанышты жаңалығымен бөліскен жас маман.

13 ақпан күні қала тұрғыны Света Тәжібаева қоғамдық қабылдауға өзіне жұмыс тауып беруге өтініш білдірген. Ол бір кездері тәрбиешілікті меңгерген, бірақ ешқашан мамандығы бойынша жұмыс істеп көрмепті.

«Менің сұрағым осынша қысқа мерзімде шешіледі деп күтпеген едім. Қазір мен №28 «Көркем» балабақшасында жұмыс істеймін. Мен бұл акция аясында жүздеген адамның нақты көмек алғанына сенімдімін», - дейді ол.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

М.Әшімбаев Атырауда қаза тапқан полицияға қатысты пікір білдірді

23.03.2019

Испанияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы «роуд-шоу» өтті

23.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

23.03.2019

Президент Қ.Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

23.03.2019

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

23.03.2019

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

23.03.2019

Солтүстікқазақстандық полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары

23.03.2019

Меморгандардың жаңа кәсіпорындар құруына мораторий жарияланады

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу