Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында құдықтар аузына тор қойылуда. Астанада жылу желілеріне арналған дренажды құдықтарға осындай торлар 2012 жылдан қойылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Егемен Қазақстан
23.02.2019 52
2

«Астана-Теплотранзит» компаниясының құдықтары қауіпсіз: оларда металл торлар орнатылған. Аталмыш торлар екі ересек ер адамды көтеруге қауқарлы. «Жылу жүйесінің құдықтары «құрғақ» (басқару құдықтары) және «дымқыл» (құрғату құдықтары) болып екіге бөлінеді.

«Басқаруға арналған құдықтардың тереңдігі 40 сантиметр. Ол ешқандай қауіп төндірмейді. Құрғату құдықтары тас жолды жабуға арналған. Егер жөндеу жұмысын жүргізу керек болса, біз сол жол учаскесін жабамыз. Бұдан кейін құбырдағы су құдыққа құйылады, ол жерден су сорғылар немесе вакумды көлікпен сорылып алынады. Ондай құдықтардың тереңдігі жылу трассасының тереңдігіне байланысты әртүрлі болады. Тереңдігі 1,5 немесе 2-3 метрлі құдықтар бар.Солардың бетіне біз темір тор қоямыз», –  дейді «Астана-Теплотранзит» АҚ №1 пайдалану ауданы учаскесінің бастығы Ғаділжан Баймұратов.

Торлар «Астана-Теплотранзит» өзі үшін әзірлеген біркелкі стандартпен жасалады. 12 миллиметрлі дөңгелек темір, ал ұяшықтары 10-ға 10 сантиметр тесік 15 –те 15 см. «Бұл – ұқыптылықты талап ететін жұмыс. Өлшеу керек, келтіріп кесу керек, содан кейін ол құдық қабырғасына орнатылады.

«Біздің қалада 13594 құдық бар, оның 5591-і – құрғату құдықтар. Солардың барлығына тор орнатылған. Тор қоюды біз 2012 жылы бастадық. Егер құдық ашық қалып, адам абайсызда оған құласа, ол құдықтың ішіне түспейтініне кепілдік беріледі. Жылына бір-екі рет тор алынып құдық тазартылады», –  дейді «Астана-Теплотранзит» АҚ №1 пайдалану ауданы пайдалану қызметінің бастығы Жәнібек Аманбаев.

«Құдықтардың 90-95 пайызына торды өзіміз қойдық. Бірақ, қала өсуде орталық жылуға жаңа үйлер қосылуда. Сол себепті құдықтар саны да артып келеді. Қазір жылу трассасы жобасында құдықтарда тордың болуы керектігі – міндетті тетік. Құрылыс компаниясы үй салғаннан кейін жылу трассасын біздің балансқа өткізеді. Құдық қақпақтарын үй салушы компания орнатады. Ал біз қабылдар кезде құдықтың сапасын, орнатылуын, онда тордың болуын қарап аламыз», – деді ол.

Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында (ОЭККШБ) ашық құдықтар мәселесінің ұдайы ведомствоның бақылауында екендігін айтады. Пайдаланушы ұйымдар күн сайын құдықтың жабық екендігін тексереді. Ашық жатқан құдықтардың барлығы жабылады.

109 мониторинг орталығына түскен өтінімдер бойынша да жұмыс жүргізіледі. Басқарма ақпараты бойынша, қазіргі таңда қалада 62 142 құдық бар. Соның 34 538-і – «Астана Су Арнасы» құдықтары; 13 594-і – «Астана-Теплотранзит» АҚ, 10 340-ы – «Астана Тазалық» ЖШС, 3 661-і – «Астана-АЭК» АҚ; 9-ы – «Астана калалык жарық» ЖШС тиесілі.

Жалпы ашық құдықтар бойынша «109» қызметіне 2018 жылы – 2 804 арыз түссе, 2019 жылдың басынан олардың саны 626 құрады. Қазіргі таңда барлық арыз бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жылдың басынан бастап «102» қызметіне құдық қақпағы ұрлығына байланысты 35 хабарлама келген. Оның 23 бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 11 ұрлықтың беті ашылса, 12 оқиға бойынша ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы анықталған.

Астана қаласы полиция департаменті құдық қақпақтары ұрлығының алдын алу мақсатында жүйелі түрде тексеріс, ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Полицияның ақпаратына қарағанда, ұрлыққа негізінен жарығы жоқ, күзеті жоқ құрылыс нысандары мен ұйымдары, қара металлдың жоғары бағамен қабылдануы себеп болады.

Қазіргі таңда елордада түрлі түсті металл мен қара металл қабылдайтын алпыстан астам орын бар. Құдықтар қақпағы ұрлығының алдын алу мақсатында қалалық әкімдік көптеген жұмыстарды атқарып жатыр. Қаладағы барлық құдықтардың тізімі қайта жасалуда. Желілер жобаларында қақпақтарды полимерлік материалдан, сондай-ақ арнайы торларды полиэтиленнен жасау көзделген.

«Тор құдық қақпағы ұрланған күннің өзінде құдыққа адамның, жан-жануардың тағы да басқа заттардың түсіп кетуінен сақтайды.  Қазір 6 мың құдыққа тор орнатылған», – деп хабарлады ОЭККШБ-да.

Одан бөлек, құдықтар қақпағын ұрлауды болдырмау және оған адамдардың түсіп кетуінің алдын алу мақсатында жаңа жобаларда қақпақтарды композиттік материалдардан жасап орнату көзделген. Қазіргі заманғы өнеркәсіп талаптары ескеріле отырып жасалатын полимерлі-құмды бұйымдар қауіпсіздік техникасы мен экологиялық нормалардың барлық талаптарына жауап береді. Жасырын байланыс желілерін төсеу кезінде оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ең бастысы, ол металл емес, оны темір қабылдаушыларға тапсыра алмайсыз. Сол себепті ұрлықшыларға оны қолды қылудың пайдасы болмайды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

М.Әшімбаев Атырауда қаза тапқан полицияға қатысты пікір білдірді

23.03.2019

Испанияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы «роуд-шоу» өтті

23.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

23.03.2019

Президент Қ.Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

23.03.2019

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

23.03.2019

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

23.03.2019

Солтүстікқазақстандық полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары

23.03.2019

Меморгандардың жаңа кәсіпорындар құруына мораторий жарияланады

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу