Спорт • 23 Ақпан, 2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Юлия Галышева Жапонияның Тазавако қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогінің үшінші кезеңінде қола жүлдегер атанд. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

2019 жылғы әлем чемпионы іріктеу кезеңінде аса қиналған жоқ. Ол шешуші кезең қарсаңында Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонға ғана есе жіберген.

Жарыстың ақтық сынында Галышева 76.92 ұпай жинап, үшінші сатыға тұрақтады. Алтын жүлде 82.97 ұпай жинаған Перрин Лаффонның, күміс медаль 79.87 ұпайы бар Энтони Джакараның еншісінде. 

Аяулым Әміренова, Павел Колмаков, Сергей Романов, Александр Геберт пен Олег Цинн іріктеуден өткен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше