Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

Туризм ел экономикасының дамуына елеулі үлес қоса алатын және мемлекеттің халықаралық имиджін құруға ықпал ететін бағыттардың бірі. Қазақстанның туристік әлеуетін ел ішінде және шетелде ілгерілету туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев айтып берді.

Егемен Қазақстан
23.02.2019 40
2

Kazakh Tourism Үкімет тапсырмасы бойынша өткен жылы елдік туристік брендті әзірлеуге кірісті. Оның айтуынша, бренд әзірлеу мен мемлекеттік бағдарламаны қабылдау ұзаққа созылатын үдеріс екенін түсіне отырып, БАҚ пен интернетте қазақстандық туризм туралы контентті ұлғайтуға баса көңіл бөлу туралы шешім қабылданды.

«Ең алдымен, біз Қазақстан туралы ақпараттың әлеуметтік желілерде көп болуына қатысты жұмыстар жүргізе бастадық. Өткен жылы Қытайдың жазылушылар саны 100 млн-нан асатын танымал блогерлерінің елімізге келуін ұйымдастырдық. Блогерлер Астананың, Щучинск-Бурабай шипажай аймағының, Алматы мен Алматы облысының, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарының туристік нысандарын аралады. Бүгінде олардың жарияланымдарының қамтылу деңгейі 150 млн-нан астам қытайлық оқырмандарды құрайды және олардың саны күн сайын өсуде» деді Р. Күзембаев.

Сонымен қатар, Қазақстан туризмінің елшілер институтын қалыптастыру жұмыстары басталды: алғашқы елші ретінде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген таңдалды.

«Димаштың қытайлық жанкүйерлер мен Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаның кейбір елдеріндегі музыка сүйер қауым арасындағы ерекше танымалдығын назарға ала отырып, 10 елден жанкүйерлер қозғалыстарының көшбасшыларының қатысуымен «Димаштың Отаны» атты промо-тур өткіздік, оған қатысушылар Қазақстанның 3 қаласында болды. Аталған қозғалыстарда жалпы 5 млн-нан астам адам бар. Әншінің жанкүйерлерінің үлкен қызығушылығын байқадық. Жақын арада Димаш Қазақстанда екі концерт өткізеді, оған оның фанаттары келетіні сөзсіз және де «Димаштың Отаны» туры аясында туристер Қазақстан қалаларын аралай алады. Осылайша, отандық туризмнің дамуына өз үлестерін қосады» деді ол.

Р. Күзембаевтың айтуынша, келесі елшілер танымал ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Анатолий Арцебарский, Юрий Маленченко және Юрий Батурин болмақ. Кеңес уақытында Алакөл көлінде ғарышқа ұшып келгеннен кейін ұшқыш-ғарышкерлерді медициналық оңалту кезеңдерінің бірі өткізілді. Сондықтан да, олар осы дәстүрді жаңғырту үшін курорттық аймаққа шақырылды.

Цифрлық маркетингпен қатар, дәстүрлі тәсілдер бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр. 2018 жылы Kazakh Tourism-нің ұйымдастыруымен Берлинде, Мәскеуде, Бейжіңде, Гонконгта және бірқатар басқа да қалаларда өткен 7 халықаралық көрмеге қазақстандық турбизнес қатысты.

«Этникалық ерекшелік арқылы келушілердің қызығушылығын оята алдық. Оған бойлары 2 метрден жоғары қазақ батырлары, музыканттар, қолөнершілер тартылды, асықтардан кәдесыйлар жиынтығы әзірленді. Стендті батырлармен, ұлттық асхана бойынша шеберлік-сыныптарымен, ұлттық музыка мен билермен этникалық түрде толтыру ерекше әсер қалдырды» деді Р. Күзембаев.

Бұдан өзге, елорданың 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның барлық дерлік жерін қамтыған 6 бағдар бойынша, сондай-ақ 20 тау шыңына экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедиция қорытындысы бойынша жалпы қамту шамамен 1,5 млн адамды құрады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады

23.03.2019

Президент Қ.Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

23.03.2019

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

23.03.2019

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

23.03.2019

Солтүстікқазақстандық полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары

23.03.2019

Меморгандардың жаңа кәсіпорындар құруына мораторий жарияланады

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу