Үкімет • 25 Ақпан, 2019

Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Дәурен Абаевтың кандидатурасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.   

Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды

Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өткен болатын.

 «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе комитет отырысында қарастырылды.  

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Дәурен Абаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.