Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Тараздың тынысы кеңейіп келеді

681 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімдігі халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін жобаларды қолға алуда. Соңғы уақытта облыс орталығындағы саябақтар, балалардың ойын алаңдары сияқты халық көп шоғырланатын орындар абаттандырылып, ел игілігіне берілгені соның бір парасы ғана.

Тараздың тынысы кеңейіп келеді

Мәселен, Тараз қаласындағы талай жылдан бері қараусыз қалған «Жеңіс» саябағына даңқ­ты батыр Бауыржан Момыш­ұлының ескерткіші орнатылып, саябақ іші әсем күйге енді. Қайрат Рысқұлбеков саябағы, «Үшбұлақ» демалыс орыны халық игілігіне берілді. 

Тараз қаласының Ыбырайым Сүлей­менов көшесінің бойын­дағы аллея да Жастар жы­лына орай «Жастар аллеясы» деп аталатын болды. Бұл да өңір­дегі жас­тар үшін жасалып отырған игі жұмыс. Өткен жылы өңірде өндіріс саласының да біршама дамығанын айтуға болады. Яғни, өндіріс көлемі 238,5 миллиард теңгеге артты. Өңір­­де 32 548 орта және ша­­ғын кә­сіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың инвестиция тарту көлемі бойынша да көрсеткіші артып отыр. Тараз қаласының өзіне 69,2 миллиард теңге инвестиция тартылуы өткен жылы өңірде тұрғын үй салу үшін 43,7 миллиард теңге жұмсалды. Тараз қаласында 243,7 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Мемлекеттің қол­дауымен салынған үйлер мем­лекеттік бағдарламалар арқылы тұрғындарға берілуде. 

Бірқатар білім беру ошақтары салынып, кейбірі қайта жөн­деуден өткенін де айта кету керек. Мәселен, «Шөлдала» айма­ғында 900 орындық, «Бәй­те­рек» шағын ауданында 120 орын­дық мектеп пайдалануға берілді. 

Өңірде туризм саласын да­мытуға да айрықша көңіл бө­лінуде. «Шахристан», «Ақыртас» ке­шендеріне тиісті жұмыстар жүр­гі­зілуде. Жуалы ауданындағы «Қа­ралма» кешені болашақта өңір ту­ризмін дамытуға серпін берері сөзсіз. 

Серікбол БЕРІКҚОЖА,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Жамбыл облысы