Білім • 26 Ақпан, 2019

Мектеп директорларына қатысты мониторинг нені анықтады?

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті аймақтағы мектеп директорларының жұмыс кабинеттеріне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде кейбір мектеп басшыларының кабинеттерінің аумағы атшаптырым екендігі анықталды. Яғни, бұл бөлмелер білім мекемесінде тиімсіз пайдаланылатын алаң қатарына жатқызылды.

Мектеп директорларына қатысты мониторинг нені анықтады?

- Бүгінде мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының алдында өз жұмыс стилін қайта қарастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты жою міндеті тұр. Осыған орай, облыстағы білім мекемелеріне арнайы мониторинг жасадық. Нәтижесінде 740 мектеп диекторлары кабинетін зерделеді. Жалпы облыс бойынша аудан, қалалардағы мектеп директорларының кабинеттерінен жалпы көлемі 1500 шаршы метр нормадан асып тұр. Артық көлемді 174  мектеп директорының кабинеті кездесті, - деді Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков.

Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті өз тарапынан жоғарыдағы мектеп басшыларына регламентке сәйкес жұмыс кабинетіне орналасуды және сонымен қатар, басшының азаматтарға қол жетімділігін арттыруды және мектептегі қарбалас кезінде жағдайды бақылауға мүмкіндік беретіндігін ескеріп, мектеп директорларына мектептің бірінші қабаттарында орналасуды ұсынуда.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы