Әлем • 26 Ақпан, 2019

Қазақстандық теннисшілер Швецияның ашық чемпионатында сынға түсті

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эребру қаласында үстел теннисінен Швецияның ашық чемпионаты аяқталды. Аталған біріншілікке қазақстандық теннисшілер де қатысқан болатын. Біздің спортшылар арасынан ең жақсы нәтижені Сарвиноз Мірқадырова тіркеді деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық теннисшілер Швецияның ашық чемпионатында сынға түсті

Сарвиноз екінші жұбаныш финалына жетіп, үздік сегіз спортшы қатарына енді.

Жастар құрамасының аға бапкері Самат Бейсеновтің айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш. 

«Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Біздің спортшыларға Жапония, Сингапур, Германия, Ресей, Чехия, Англия теннисшілері қарсылас атанды. Мірқадырова үздік сегіздікке енсе, Алан Құрманғалиев, Александра Смирнова, Темірлан Кимдер үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды», - дейлі аға бапкер Самат Бейсенов.