Экономика • 27 Ақпан, 2019

42 тонна сиыр еті экспортталады

1091 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды. Өнімнің алғашқы партиясын жеткізу үшін қос ел келісімшартқа қол қойды. Уағда­­ластыққа сәйкес Иранға барлығы 500 тонна сиыр еті жөнелтіледі. 

42 тонна сиыр еті экспортталады

Екі елдің ветеринарлық қызметтері 2018 жылы вакуумдық пакетте мұздатылған және салқындатылған сиыр етінің ве­теринарлық сертификатын бекітті. Был­тырдан бастап елімізде етті мал ша­руашылығын  дамыту бағдарламасы ауқымды жүзеге аса бастады. Оның негі­зін шағын және орта кәсіпорындар құрайды.  Сондай-ақ арнайы жеңілдікпен несие беретін «Сыбаға» бағдарламасы іске қосылды. Жалпы, 2018 жылы 20 мың тоннаға жуық ет экспортталған. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артық. Ал биыл кемі 30 мың тонна етті шетелге жөнелту жоспарланып отыр. Отандық кәсіпорындар үшін ет экспорты өте тиімді. Сиыр етін экспорттау есебінен тек тауар өндірушілерге орташа есеппен 27 миллиард теңге берілді.

Бүгінде еліміздің мал мен ет өнім­деріне шет мемлекеттерден сұраныс артқан. Оның қатарында Әзербайжан, Ар­мения, Бахрейн, Вьетнам, Германия, Кувейт, Қырғызстан, Түркия, БАӘ сияқты көптеген мемлекет бар. Ал Қытаймен балық және ет өнімдерінің экспортын 20-30 пайызға дейін арттыру мақсатында келісім жасалды. 

Мәдина ЖӘЛЕЛ,

«Egemen Qazaqstan»