Білім • 27 Ақпан, 2019

Солтүстiкқазақстандық балалардың 50% жаңартылған мектептерде оқитын болады

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облысты дамытуға арналған Кешендi жоспардың арқасында осыған қол жеткiзуге болады. Биыл 120 бiлiм ошағын жөндеуге 5 млрд теңге бөлiндi. Бұл мектептерде облыстағы оқушылардың жартысы, яғни, 35 мың бала оқиды. Сондай-ақ мектептерге биыл 4 мың компьютер сатылынып алынады.

Солтүстiкқазақстандық балалардың 50% жаңартылған мектептерде оқитын болады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бюджеттен бөлiнiп жатқан қаражат қомақты, сондықтан тиiстi бақылау жұмысын жүргiзу керек. Өңiр басшысы бұл жұмысты жүргiзудi «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына ұсынды.

«Нұр Отан» партиясына қоғамдық бақылау жүргiзуге шақырамын. Басқа ауданның депутаттары жөнделiп жатқан мектептерге барып, жұмысқа баға берсiн. Мысалы, мектептерге пластикалық әйнектер орнатылады. Жылу шығынын анықтайтын арнайы құрылғылардың көмегiне сүйенсiн. Бiз бюджетте мектептердi күрделi жөндеуден өткiзуге көп қаржы бағыттадық. Оқушылар мен ата-аналар жөндеуден кейiн айырмашылықты сезiну керек. Облыстағы оқушылардың 50 пайызы жаңартылған мектептерде оқитын болады» дедi Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында.