Әлем • 27 Ақпан, 2019

Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы Ақтау – Горган бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның өңірлері мен көршілес елдердің қалалары арасындағы әуе қатынасы бойынша жолаушылар тасымалы қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, тағайындалған ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан Республикасында шетелдік тасымалдаушы аккредитациясынан өтуге өтініш берді.

Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы Ақтау – Горган бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр

«Pouya Air» авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер жиілігі аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен орындалмақ.  Рейстерді ашу алдағы уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ  Ақтау қаласының әуежайына келіп кететін жолаушылар ағынын арттырады.