Президент • 27 Ақпан, 2019

Елбасы: Сыртқы сауда айналымы 9 еседен астам өсті

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Елбасы: Сыртқы сауда айналымы 9 еседен астам өсті

«Бүгін сіздермен атқарған шаруаларды қорытындылап, болашақта атқарылатын жұмыстарға тоқталамын. Бірінші, еліміздің жетістіктеріне тоқталып өтейін. Бірақ оның барлығын айтып өту мүмкін емес. Ең маңыздысы, біз тәуелсіз мемлекет құрдық, дүниежүзіне танылдық. Өз елордамызды қалыптастырдық. Экономикамыз айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымы 9 еседен астам өсті. Қазақстанға шетелден 350 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Сол инвестициялар экономикамызды көтеруге көмектесті. Азаматтардың кірісі 16 есе көбейді. 141 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандары бой көтерді. 1400 заманауи аурухана мен емхана және 2865 мектеп, колледждер, балабақшалар ашылды. Бұл - бұрын-соңды болмаған мәселелер. Бұның барлығы халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. «Нұр Отан» партия мүшелерінің де еңбегі бар» деді Елбасы өз сөзінде.