Экономика • 27 Ақпан, 2019

«Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосу керек – Н.Назарбаев

1744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтты.

«Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосу керек – Н.Назарбаев

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуы керек. Осылайша 7,5 млн ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту мүмкіндігі туады. Ең алдымен үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірігіп, келешегі бар ауылдарды іріктеп, әлеуметтік нысандар мен интернаттар тұрғызу жұмыстарын жүргізуі керек»,  деді Президент.

Сонымен қатар Елбасы Ахметжан Есімовтің Ауыл шаруашылығы министрі болған жылдары жүргізген тәжірибені айтып өтті.

«7 мыңнан астам ауылды үш топқа бөліп қарастырдық. Халық саны көп, орталықтағы ауылдарды әрі қарай дамытып, жағдайы орташа ауылдарға көмектесу керек. Сосын кішігірім ауылдар бар. 10-20 үйі бар ауылдарға аурухана, мектеп салудың қажеті жоқ. Сондықтан, аудан орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту кезінде бірден интернаттар тұрғызу керек. Себебі балалар сапалы білім, сапалы медицинасы бар жерде өсуі тиіс. Ауылдармен осындай тәсіл арқылы жұмыс істеуі қажет» деді Елбасы.