Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

78 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтеріледі

1289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің тапсырмасы бойынша жергілікті жерде жалақысы төмен әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көтерілмек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов  баяндама жасады. 


 

78 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтеріледі

«Әкімшілік қызметшілерінің жалақысына қатысты айтар болсақ, аталған өсім 78 мың мемлекеттік қызметшіге қатысты болады. Олар - жергілікті жерде жұмыс істейтін мамандар. Негізінен, сарапшылар, жетекші мамандар және бас мамандар. Орташа есеппен алғанда жалақы 25 пайызға өседі. Мысалы, егер бас маманның орташа жалақысы 84 мың теңгені құраса, енді ол 100 мың теңге болды»,  деді Р.Дәленов Үкіметтің отырысында. Министрдің сөзіне қарағанда, әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қосымша 76,5 миллиард теңге қажет болады. Соның ішінде 2019 жылда 15,3 миллиард теңге керек. Айта кетейік, кеше «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде Нұрсұлтан Назарбаев әкімдік қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға көтеруді тапсырды.