Қазақстан • 01 Наурыз, 2019

«7-20-25» бойынша қарыз беруге 5 644 өтініш мақұлданды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

«7-20-25» бойынша қарыз беруге 5 644 өтініш мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 110,2 млрд. теңге сомасына 9 652 өтініш қабылданды. Оның ішінде 66,0 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 5 644 өтініш мақұлданды», делінген хабарламада.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.