Жеңіл атлетика • 01 Наурыз, 2019

Жеңіл атлетикадан халықаралық матчтық кездесуде Қазақстан 8-орын иеленді

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Минскіде жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы халықаралық матчтық кездесу аяқталды деп жазады Olympic.kz. 

Жеңіл атлетикадан халықаралық матчтық кездесуде Қазақстан 8-орын иеленді

Дәстүрге айналған жарысқа Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан, Латвия, Литва, Израиль, Испания, Түркия, Украина және Эстония құрамалары қатысты. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы алғаш рет еуропалық үздік командалармен  бірге халықаралық матчтық кездесу өткізіп отыр. 

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан 76 ұпаймен он команданың арасынан 8-ші орын иеленді. 

Біздің құрама сапынан Данил Корр мен Кристина Овчинникова жүлдегер атанды. Данил 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Кристина биіктікке секіруден күміске қол  жеткізген болатын. 

20 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы халықаралық матчтық кездесуде 195 ұпай жинаған Украина командасы жеңіске жетті. Екінші орында Испания (185), үшінші сатыда Беларусь (182) құрамалары орналасқан.