Әлем • 02 Наурыз, 2019

Флоридада ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды

824 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында жеңіл моторлы ұшақ жұма күні көпқабатты тұрғын үйге келіп соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Miami Herald газетіне сілтеме жасап.

Флоридада ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды

Өрт-құтқару қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан ұшқыш көз жұмған.  Келеңсіз жағдай  түс кезінде болған. Басылымның жазуынша, ұшақ ғимараттың 16 және 17-қабаттарының ортасына соғылған. Осыдан кейін ол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бассейні бар террасаға құлады. Тұрғындар эвакуацияланды. Пилоттың аты-жөні әзірше анықталған жоқ. Тергеу жұмыстарымен Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар