Қазақстан • 03 Наурыз, 2019

Елі еркелеткен Ерік еді

974 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Айтулы жазба және айтыскер ақын Ерік Асқаровтың 60 жылдық мерейтойына орай тұңғыш рет «Елі еркелеткен Ерік еді» атты  аймақаралық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Елі еркелеткен Ерік еді

Оған Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан ақтық сынға жолдама алған талапкерлер қатысып, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Досбол  Әбдірисов оларға ақжол тіледі. Еңбек ардагері Зейнолла Олжабаев, марқұмның туған апасы  Алма Нұрышева,«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Жарасбай Сүлейменов жерлесіміз, талантты тұлға жайлы өскелңк ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық ғибратты  естеліктер, салмақты ойлар айтты.

Мүшәйраға жиналған жас өрендер Ерікке арнап жазған, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы және еркін тақырыпта үш өлең оқыды. Белгілі ақын  Алмас Темірбай жетекшілік еткен қазылар алқасы Павлодар облысының өкілі   Дәрия Келген бас жүлдеге лайық деген  шешім шығарды. Бірінші орынды көкшетаулық Думан Санат жеңіп алды. Екінші орынды М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті  Жарғанат  Қинаухан еншіледі.

   Қарағандылық Жасқанат Жұманға  Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде бұйырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы.